07 нау, 2023 сағат 18:57

Павлодарда қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылды

© AFP 2023 / ALEJANDRO PAGNI

Павлодарда көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен нәресте табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 наурызда сағат 12:28-де Бұқар жырау көшесі, 353 мекенжайы бойынша қоқыс жәшігінен нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Жедел жәрдем оқиға орнына 5 минутта жетті. Сол жерде дәрігерлер қыздың қайтыс болғанын анықтады", - делінген ақпаратта.

Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесінде орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі туған бала табылғаны туралы хабар түскен.

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы фактіге қатысы адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Ішкі істер министрілігі мәліметінде.