Фото: ҚМА
Қаржылық мониоринг агенттігі Перизат Қайраттан тәркіленген мүлік пен ақшаны қайтару тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың айтуынша, соттан кейін сот орындаушылары өз жұмысына кіріседі.
"Тәркіленген мүлік аукцион арқылы сатылады. Ал одан түскен ақша жәбірленушілерге қайтарылады", - деді Елемесов журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда ол Перизат Қайраттың аппеляциялық шағым түсірмегенін де жеткізді.
Айта кетері, шілде айында Перизат Қайрат 10 жылға , ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сотта олардан тәркіленген мүліктің тізімі де жарияланды.
