04 қыр, 2023 сағат 10:04

Пірматов қызметінен босатылды

Фото: gov.kz

Ғалымжан Пірматов басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылды" - делінген хабарламада.

Пірматов Ұлттық Банкті 2022 жылдың ақпанынан бастап басқарған еді.

Ол 1972 жылы 24 сәуірде Шымкент облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстан экономика және болжау менеджменті институтын және Atkinson Graduate School of Management, Willamette University-ді (MBA бағдарламасы бойынша) бітірген.

Ұлттық банктің экс-басшысы "Алтын-Тас" БК, "AES КиевОблЭнерго", "AES Украина", "Халық Банкі" АҚ-да жұмыс істеген. Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі де болды.

2009 жылдан 2011 жылға дейін "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарып, 2017 жылы тамызда "Қазатомөнеркәсіпті" басқарды. 2021 жылдың қыркүйегінде Пірматов "Қазатомөнеркәсіптің" Басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен кетті.

Үйленген, балалары бар.