23 сәу, 2024 сағат 18:30

Премьер-министр Бектенов: G-Park рұқсатсыз құрылыс салып жатыр



Фото:depositphotos.com


Премьер-министр Олжас Бектенов G-Park компаниясының Астанадағы нысандары туралы айтты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.


"Елордада G-Park компаниясы рұқсатсыз 7 тұрғын үй салып жатыр. Оған 3,5 мыңға жуық отбасы өз қаражатын салды ғой", - деді премьер-министр Астанада өткен үкімет отырысында.


Үкімет басшысының айтуынша, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан көптеген нысандар құжаттама мен қажетті рұқсат құжаттарындағы мәселелерге байланысты қауіп аймғында тұр.


"Астанадағы "Араби-2-Гранитный-2" тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалы деп танылған. 200-ге жуық отбасы баспана ала алмай жүр", - деді Бектенов.


Жалпы, Индустрия министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде заңсыз салынған 340-тан астам тұрғын үй кешені бар.