20 қар, 2025 сағат 15:48

Премьер-министр: «Жұмыс істей алатындарды мемлекет қамқорлығында ұстамайды»

Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат отырысында бюджет шығыстарын оңтайландыруға қатысты сұраққа жауап бере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің негізгі бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Үкімет басшысы базалық шығыстар 15%-дан 12%-ға дейін қысқартылғанын айтты. Соған қарамастан, әлеуметтік сала бюджетке ең үлкен жүктеме болып қалып отыр — әлеуметтік төлемдер мен қолдау шаралары жалпы шығыстың 60%-ын құрайды.

«Республикалық бюджетте бұл шығындар ұзақ уақыт бойы 40%-дан жоғары болды. Қазір біз оны 38%-ға дейін түсірдік, әрі қарай да төмендетуге мүмкіндік бар. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», — деді Премьер-министр.


Олжас Бектенов әлеуметтік қолдау тек шынымен өздігінен күн көре алмайтын азаматтарға ғана көрсетілетінін атап өтті.

«Түрлі объективті себептермен еңбек етуге мүмкіндігі жоқ адамдар ғана мемлекеттен көмек алады. Ал жұмыс істей алатын азаматтар жұмыс істеуі тиіс. Мемлекет оларды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да», — деді Үкімет басшысы деп хабарлайды Ult.kz.