Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ult.kz.
- 🔹Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңгені;
- 🔹ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңгені құраған.
- 🔹ШОБ субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.
Жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылған. Құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсатты сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті.