15 шіл, 2025 сағат 12:08

Президент әскери-әуе күштерінің қолбасшысын тағайындады

Фото: Kazinform

Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ал бұл қызметті осыған дейін атқарған Руслан Қоңыров лауазымынан босатылды. 

Сондай-ақ Президент Бақытбек Сыдықовты ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатты.