Фото: Ақорда
Мемлекет басшысына холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, биылғы жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Холдинг тарапынан 6 трлн теңгеге жуық қолдау көрсетілген:
🔹 Оның 4,1 трлн теңгесі ірі, орта және шағын бизнесті қолдауға,
🔹 ал 1,9 трлн теңгесі тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған;
🔹 Холдинг активтері 14,1 трлн теңгеге жеткен;
🔹 Инвестициялық және несие портфелі 10,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған;
🔹 Таза табыс 416 млрд теңгені құрады.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» базасында екі кепілдік қоры іске қосылған:
▫️Оның бірі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған.
▫️ал екіншісі құны 7 миллиард теңгеден асатын ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторын «Бәйтерек» холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, қаржыландыруды, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды.