Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Оған сәйкес:
* МӘМС жүйесіне қатысуына қарамастан, онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын скринингтік зерттеу тегін болады;
* мүгедектігі жоқ науқастар есту аппараттарымен қамтамасыз етіледі;
* букмекерлік кеңселерге ұялы байланыс, онлайн-платформалар арқылы жарнама жасауға тыйым салынады.
* тек спорттық бағыттағы БАҚ-та жарнамалау рұқсат етіледі.
* шартты түрде сотталғандарға құмар ойынға және бәс тігуге тыйым салынады.