09 жел, 2025 сағат 17:46

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып, саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алғанын атап өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстан Президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздердің табысты өткеніне баса назар аударып, оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды.