15 қыр, 2025 сағат 15:13

Президент киберқауіпсіздік жөніндегі Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиында елдің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтарға арналған цифрлық ортаны қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Ult.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін еске салып, бұл бағытта кешенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

🔹 Жиында қазіргі заманғы киберқатерлер мен оған қарсы іс-қимыл әдістері, маңызды инфрақұрылымды қорғау, киберқауіпсіздік индустриясын дамыту және мамандар даярлау мәселелері талқыланды.
🔹 Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады.
🔹 Президент кибералаяқтықпен күресті күшейту, жеке деректерді қорғау және оларды заңсыз таратқаны үшін жазаны қатаңдатудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев киберортадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ стратегиялық тәуекелдерді азайтуға және киберқауіпсіздікті жүйелі түрде нығайтуға бағытталған нақты шараларды қабылдауды жүктеді.