15 там, 2025 сағат 11:37

Президент Қорғаныс министрлігі мен Әскери-теңіз күштеріне жаңа басшылық тағайындады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл қызметке бұрынғы атқарған лауазымынан босатылып келді.

Сондай-ақ Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.