16 жел, 2025 сағат 12:07

Президент Тоқаев Аустралия премьер-министріне көңіл айтты


Ақорданың баспасөз қызметі


Мемлекет басшысы Аустралия премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ult.kz.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады.


Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.


Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.