Фото: BBC
АҚШ-тың NBC телеарнасының тілшісі 2026 жылы украиндар мен ресейліктердің қаза табуына байланысты Путин өзін жауапты сезіне ме деген сауал көтерді, деп хабарлайды Ult.kz Adyrna.kz порталына сілтеме жасап.
«Біз адамдардың қаза табуына өзімізді кінәлі деп санамаймыз, өйткені соғысты біз бастаған жоқпыз», -деп жауап берді Путин.
Ол бұл тұста 2014 жылы Украинада болған «антиконституциялық төңкеріс» туралы өз ұстанымын тағы да қайталады.
Путиннің айтуынша, Кремль 2022 жылдың ақпанында «Киев Батыстың қолдауымен бастаған соғысты аяқтау үшін қарулы күштерді қолдануға мәжбүр болды». Бұл — Ресей басшысының бұрыннан келе жатқан ресми ұстанымы.
Ресей президенті Дональд Трамптың қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге «шынайы әрі байыпты күш салып жатқанын» атап өтті. Оның сөзінше, тамыз айында Анкориджде өткен саммитте тараптар Трамп ұсынған жоспарды талқылап, «негізінен келісімге келген».
