18 қаң, 2024 сағат 13:11

«Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі сотталды

Фото: instagram.com/qnet_kazakhstan

Ақтөбе облысында «Qnet» қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттіне сілтеме жасап.

Қаржы (инвестициялық) пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру фактісі бойынша істі ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті тергеп-тексерген.

"Г.Жумагазина 2019 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында қызметі бірқатар шет елде қаржы пирамидасы деп танылған, заңды желілік маркетинг ретінде жасырылған «Qnet» халықаралық компаниясының құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды.

Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданып, оларға келтірілген шығын 37,5 млн теңгеге жуық соманы құрап отыр.

Г.Жумагазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған балаcы бары ескеріліп, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.

Барлық салымшының салымдарынан табылған 286 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді" - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство өкілдері қаржы пирамидасын құрған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертті.