22 қаң, 2022 сағат 15:04

Рахмонов алғаш рет UFC бас кардында өнер көрсетеді


Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (14-0) Карлстон Харриске (17-4) қарсы жекпе-жегі 5 ақпанда Лас-Вегаста өтетін UFC турнирінің бас кардына қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл - Рахмоновтың промоушендегі үшінші, басты кардтағы бірінші жекпе-жегі.

Қазақстандық спортшы алдын ала кардтың екі жекпе-жегінде тәжірибелі бразилиялық Алекс Оливейра мен Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Харрис те UFC-де екі жекпе-жек өткізген, ол қарсыластарын бірінші раундта нокаутпен сұлатқан.