25 нау, 2026 сағат 12:03

Жанжалдан кейінгі жаңа кезең: Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды


Фото: gov.kz
Қазақстанның даңқты боксшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Жаңа қызметінде Сәпиев ұлттық бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорттың дамуына серпін беру және Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету бағытында еңбек етпек. Оның кәсіби тәжірибесі мен халықаралық аренадағы жетістіктері бұл міндеттерді орындауда маңызды рөл атқарады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, биыл 21 қаңтарында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Серік Сәпиев пен оның орынбасары болған самбодан әлем чемпионы Дәурен Есімханов арасында жанжал туындаған еді. Оқиға соңы төбелеске ұласып, салдарынан Сәпиев дене жарақатын алған.

Жанжалдан кейін көп ұзамай Сәпиев видеоүндеу жариялап, болған жағдайдың себептерін түсіндірді. Артынша Есімханов та өз мәлімдемесін жасаған еді.

Аталған оқиғадан кейін екі тарап та қызметтерінен кеткен болатын.