26 нау, 2026 сағат 16:34

Олимпиадаға дайындалып жатқан Абиба Әбужақынова сырғалым атанды


Фото:instagram.com/abiba48


Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, дзюдошы Абиба Әбужақынова жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығын бөлісті. Спортшы сырғалым атанғанын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.


Оның айтуынша, тұрмысқа шығу туралы шешім спорттық мансабына әсер етпейді.


«Сырғалым атандым. Бірақ спорттан кеткен жоқпын. Алда 2028 жылғы Олимпиада бар. Мен әлі де күресемін», – деді Абиба Әбужақынова.



Айта кетейік, спортшыға ұсыныс жасаған азамат та дзюдо әлеміне жақын. Ол – 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген белгілі дзюдошы Ермахан Әнуарбек.


Абиба Әбужақынова – 48 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингте алдыңғы қатарда тұрған спортшылардың бірі. Ол дзюдодан әлем чемпионатында финалға шыққан алғашқы қазақ қызы ретінде тарихқа енді. Сондай-ақ спортшы 2024 жылғы Париж Олимпиадасында да бақ сынаған болатын.