20 сәу, 2026 сағат 10:49

Рамзан Қадыровтың ұлы медальмен марапатталды


Фото: egemen.kz
Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың ұлы, әрі Шешенстан басшысының көмекшісі, өңірдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Адам Қадыровқа «А.А. Қадыров атындағы “Север” арнайы моторландырылған полкінің 20 жылдығы» атты естелік медаль табысталды, деп хабарлайды Ult.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Медаль Адам Қадыровқа Грозный қаласында Ресей Батыры А.А. Қадыров атындағы «Север» полкінің құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен мерекелік іс-шара барысында табыс етілді.

«Ресей Батыры Ахмат-Хаджи Абдулхамидұлы Қадыров атындағы полктің 20 жылдығына арналған естелік медальмен Шешен Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қадыров Адам Рамзанұлы марапатталады», — деп іс-шара жүргізушісі жариялады.


19 жастағы Адам Қадыров жас болғанына қарамастан түрлі жоғары дәрежелі марапаттармен жиі марапатталып жүр. Бұған дейін ол «Шешен Республикасының Еңбек Даңқы» ордені, Шешенстан Республикасының Құрметті азаматы» атағы, сонымен бірге Ішкі істер органдарының және күштік құрылымдардың медальдары, оның ішінде Шешенстан ІІМ-нің бірнеше ведомстволық наградалары бар.

Кіші Қадыров Росгвардия марапаттарын да алған. Атап айтсақ, Ресей Ұлттық гвардиясына қатысты бірқатар медальдармен марапатталған.