07 нау, 2024 сағат 12:25

Раушан гүлдің орташа бағасы белгілі болды


Елімізде гүлдің бағасы бір жылдың ішінде 8,2 %-ке қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында гүлдің бағасы 41,5 % көтерілді. Одан кейін Алматы облысы (+18,1 %) мен Астана (+14,5 %) тұр. Алматыда бір жылда 1,3 % ғана қымбаттаған.

Ақмола, Жамбыл мен Жетісу облыстарында баға өзгермеген.

Жыл басында раушан гүлдің орташа бағасы 946 теңге болған. Абай облысында – 1,4 мың теңге, Қостанай облысында – 1,3 мың теңге, ал Шығыс Қазақстан облысында бір тал раушан 1,2 теңгеден сатылды.

Ең арзан раушан гүл Шымкентте, бір данасы – 600 теңге. Батыс Қазақстан облысында – 648 теңге, Қызылорда облысында – 667 теңге.