05 мам, 2026 сағат 17:10

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметінен

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.


Айта кетейік, 2019 жылғы 18 қыркүйекте Президенттің жарлығымен Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылдың 11 қаңтарында ол премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.