29 нау, 2026 сағат 11:58

Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Фото: ҚР ТСМ

Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Руслан Құрбанов Астана қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды. Ол ширек финалда Коки Каномен кездесіп, 9:8 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Ал жартылай финалда Мажарстан өкілі Давид Надьтан басым түсіп, ақтық кездесуде Украиналық Роман Свичкарьға есе жіберді.