Фото: Ұйымдастырушылардан
Қайырымдылық саласындағы жобаларды іске асыратын бірыңғай оператор- Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры.
Әлеуметтік инфрақұрылым және қамту ауқымы
Жүзеге асырылған жобалар аясында:
•55 оңалту орталығы,
•31 инклюзияны қолдау кабинеті,
•18 спорт кешені,
•3 креативті хаб,
•мұражайлар, кітапханалар және көпфункционалды спорттық және ойын алаңдары ашылды.
Әлеуметтік бастамалар 11,5 млн-нан астам адамды қамтыды. Олардың ішінде 3,2 млн бала және 2,1 млн ауыл тұрғыны бар.
2016–2025 жылдар аралығында жалпы құны 124,1 млрд теңгені құрайтын 434 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 274 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Бұл бастамалар Қазақстанның барлық өңірін қамтып, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға және халықтың түрлі тобына қолжетімді қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл жобалар бірыңғай оператор- «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры арқылы жүзеге асырылды.
Жобалардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, әсіресе балалар мен ауыл тұрғындарына бағытталған. Соның нәтижесінде 55 оңалту орталығы, 31 инклюзияны қолдау кабинеті, 18 спорт кешені және бірнеше креативті және қоғамдық кеңістік ашылды. Бұл бастамалар 11,5 миллионнан астам азаматты қамтып, олардың ішінде 3,2 миллион бала мен 2,1 миллион ауыл тұрғыны қажетті қолдауға ие болды. Сонымен қатар жаңа орталықтардың ашылуы әлеуметтік салада 2 701 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Жаңа қызметкерлер арнайы даярлықтан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырды.
Ел аумағында ашылған оңалту орталықтары жыл сайын 21 мыңнан астам балаға медициналық және психологиялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар ерте араласу орталықтары мен аутизмі бар балаларға арналған арнайы мекемелер ашылып, ерекше қажеттілігі бар балалардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасалды. Мысалы, 2025 жылдан бастап «Ainala» орталықтарының жаңа форматы енгізілді. Енді балалар бұл орталықтарда тек күндіз ғана емес, тәулік бойы кешенді көмек ала алады. Оларды ашудағы басты мақсат - инфрақұрылымы жеткіліксіз елді мекендерде қолжетімді емделуді қарастырып, өңірлер арасындағы әлеуметтік айырмашылықты азайту.
Фото: Ұйымдастырушылардан
-Орталықтар ең мықты, заманауи үлгідегі сапалы құрал - жабдықтармен қамтылды. Үш жыл бойы оңалту орталықтарының мамандарының біліктігін арттыру жұмысы жүргізілді. Бес жыл ішінде бұл орталықтардың санын 50-ге жеткіздік. «Қамқорлық» оңалту орталығының өзі ҚР бойынша 15 жерде бар. Мұнымен тоқтап қоймай, 10 қалада аутизмі бар балаларды оңалтуға арналған орталық аштық. Ең басты тиімділігі әр облыс орталығының тұрғындары өзіне жақын жерге барып, қолжетімді ем ала алады. Бір жағынан, әр орталықтағы маман жоғары білікті саналады. Жалпы біздің орталықтардан жыл сайын 21 800 бала тегін оңалту шараларын алып тұрады,- деді ол өз сөзінде.
Фото: Ұйымдастырушылардан
«-Біз осында келгенімізге бес жылдай болды. Мұнда келгенде балам отыра алмайтын, сөйлемейтін. Орталыққа келгелі біраз жақсы нәтиже көрдік. Қызым жақсы сөйлейді, түсінеді, отырады. Орталықтағы мамандар өте жақсы, бұл жерде жаттығу бұйымдары да ұнайды. Жылына 4-5 рет келіп, ем алып тұрамыз».
