
SCAT әуе компаниясы Bek Air жолаушыларын келесі жылдың қаңтар айына дейін тасымалдауды көздеп отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«SCAT әуе компаниясы Bek Air компаниясының жолаушыларын тасымалдауға көмектесу мерзімін 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі Bek Air жолаушыларын тасымалдау бос орын болғанда ғана жүзеге асырылатынын айтады.
«Тасымалды үзеге асыру үшін Bek Air компаниясына хабарласу керек, содан соң рейстерге бөлу басталады», - деп қосты баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшып бара жатқан Bek Air компаниясының 2100 рейсі кенет апатқа ұшырап, бетон қоршауды бұзып өтті. Артынан ұшақ екіқабатты ғимаратпен соқтығысып, 12 адам қаза болды.
Осы оқиғаға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
