Фото: borovoe.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Құжат 137,2 млрд теңгеге 118 іс-шараны қамтиды және туристік инфрақұрылымды, көлік логистикасын, цифрлық шешімдерді, қауіпсіздік жүйесін дамытуға, сондай-ақ инвестициялар тартуға бағытталған.
Жоспарға сәйкес, демалыс орнын жаңғырту негізгі бағыттарды, соның ішінде жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар салуды, экологиялық және спорттық туризмді дамытуды, жаңа рекреациялық аймақтар құрылысын қамтиды.
Атап айтқанда:
- - Қатаркөл көлінің жанында балалар орталықтарын, спорттық-сауықтыру кешендерін және жыл бойы аквапарк ұйымдастыру қарастырылып отыр.
- - Жүкей көлінің маңында кемпингтер, глемпингтер және жаңа туристік бағыттар ашылады.
- - Ал Кіші Шабақты көлінде жалға беру стансалары, қайық тұрағы, жағалау инфрақұрылымы мен жағажайлар болады. Қысқы демалыс түрін дамыту да жоспарланған.
