Фото: ТЖМ
Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен азамат Астанада қайтыс болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Мәліметтерге сәйкес, көз жұмған – 48 жастағы ер адам. Ол елордада ұзақ уақыт ем қабылдағанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылғы 26 ақпанға қараған түні «Центр плова» дәмханасында болған. Газ баллонының жарылысы салдарынан бірден бес адам қаза тапқан. Кейін ауруханада тағы жеті адам көз жұмды. Қаза болғандардың қатарында мекеме қызметкерлері мен келушілер бар.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») бойынша іс қозғалып, қоғамдық тамақтану орнының иесі ұсталған.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық ауруханасында тағы үш зардап шегуші ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлады.
Жалпы, қайғылы оқиға болған күні 28 адам зардап шеккен.
