11 мам, 2020 сағат 12:13

Секьюритизация және сақтандырудың қарапайым жұмыс тетігін құру қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев

Секьюритизация және сақтандырудың қарапайым жұмыс тетігін құру қажет. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейінгі дағдарыстардың нәтижесінде банктердің балансында экономикалық айналымнан шығып қалған жұмыс істемейтін активтердің айтарлықтай мөлшері жиналып қалды. Банктік құрылым жұмыс істемейтін активтерді жүзеге асырудың тыңғылықты жобасын әзірлеуі, бұған қоса банк қызметкерлерінің жауапкершілігін бақылау және бағалауы қажет», - деді ҚР Президенті. 

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тәуекелге бағдарланған қадағалау аясында банктердің күйзеліске ұшыраған активтермен жұмысына мониторинг және бақылауды күшейтуі қажет. 

«Жұмыс істемейтін активтердің өркениетті нарығын құру жүйелі шешім саналады. Секьюритизация және сақтандырудың қарапайым әрі жұмыс тетігін құру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.