19 ақп, 2024 сағат 15:40

Семейдегі көпірдің жігі ажырап кетті

Семейдегі аспалы көпірде деформациялық жіктің орнында жарық пайда болды, деп хабарлады Abainewskz.

"Полиция қызметкерлері деформациялық жікті мұздан тазарту қажеттігі туралы әкімдікке ұйғарым жіберді", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.


Әкімдік мамандары ешқандай қауіп жоқ екенін, бірақ көпір тәулік бойы бақылауда болатынын айтты.