28 нау, 2024 сағат 11:30

"Сергек" бір жылда Алматы бюджетіне қанша ақша әкелді


Алматыда "Сергек" камералары бюджетке қанша ақша әкелгені белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда 7 мыңнан астам "Сергек" камерасы жұмыс істейді. Жақында олар жақсартылған модификациямен жаңартылды. Енді камералар "адам көзінен жақсы көреді" және көліктегі ең кішкентай бөлшектерді түсіре алады.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері 2023 жылы жалпы сомасы 12 миллиард 878 миллион 922 мың теңгеге 1 847 765 құқық бұзушылық тіркеген.

Алматы полициясы Алматы көшелеріндегі "Сергек" автоматтандырылған кешені қазіргі уақытта бұзушылықтардың келесі түрлерін тіркейтінін хабарлады:

  • жылдамдықты асыру;
  • тұтас сызықты басып өту;
  • қос тұтас сызықтан бұрылу;
  • көлікті дұрыс қоймау;
  • бағдаршамның тыйым салынған сигналында жүру.

Сондай-ақ, пилоттық жоба шеңберінде белдіктің бекітілмегендігі және жаяу жүргіншілер өткелінде жүргіншіні өткізбей кеткендер тіркеледі.

Сондай-ақ, жақын арада алматылық "Сергектер" бағдаршамның сары сигналына жол жүруді тіркейтін болады деп жоспарлануда. Наурыз айының басынан бастап камералар Астанада ережебұзушылықтың осы түрін тіркей бастады.

Наурыздың аяғына дейін "Сергек" бейнебақылау камералары Алматы барахолкасының жанындағы жолға орнатылады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылы Алматы жолдарында қосымша 1000-нан астам "Сергек" камерасы орнатылады. Осылайша, мегаполистегі "Сергек" камераларының жалпы саны 9 мыңнан асады.