Фото: olympic.kz
Михаил Шайдоровқа Алматыдан құны 120 миллион теңге болатын пәтер сыйға тартылмақ, деп хабарлайды Ult.kz.
Қала әкімдігі жариялаған мемлекеттік сатып алу құжаттарына сәйкес, баспана Алматының орталық бөлігінен берілуі тиіс. Сонымен қатар, пәтер 2025 жылдан ерте пайдалануға берілмеген жаңа тұрғын үй кешенінен таңдалуы қажет.
Құжатта тұрғын үйге қойылатын нақты талаптар да көрсетілген: аумағы 110–120,5 шаршы метр аралығында, кемінде үш бөлмелі болуы шарт.
Сатып алу жұмыстарын Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жүргізіп жатыр. Әкімдік өкілдері бұл қадам спортшының халықаралық аренадағы тарихи жетістігіне көрсетілген құрмет екенін атап өтті.
Еске салайық, Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынына алтын медаль салып, ел спорты тарихында ерекше нәтиже көрсетті. Бұған дейін ол мемлекеттен 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған.
Сондай-ақ чемпионға пәтер, автокөлік және ақшалай сертификат табысталған. Ал Димаш Құдайберген мен бірқатар кәсіпкерлер спортшыға көлік сыйлаған.
