10 қар, 2016 сағат 15:05

ШҚО облыстық сотында кадрлық өзгерістер орын алды

- Шығыс Қазақстан облыстық сотында облыстық сотының төрағасы м.а. Қайрат Шақпантаев облыстың судьялар қауымдастығына жаңадан тағайындалған облыстық соттың судьяларын, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларын таныстырды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

ҚР Президентінің 2016 жылдың 3 қарашасындағы №368 Жарлығымен Бородулиха аудандық сотының төрағасы қызметіне - Семей қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып  С.Байбосынова, Глубокое аудандық сотының төрағасы қызметіне - Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып С.Жансейіт, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне - Өскемен қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып - Б.Қасенов, Тарбағатай аудандық сотының төрағасы қызметіне - Өскемен қаласының №2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып К.Сәдуақасова, Шемонаиха аудандық сотының төрағасы қызметіне - Зырян аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып Е.Шыныбаев тағайындалды.  

Сонымен қатар, облыстық соттың жаңадан тағайындалған судьялары: А. Володкина, Л.Мамырбаева, А.Тәнекенова, Семей қалалық сотының судьясы В.Әмірова, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ж.Сыздықова, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары: С.Жайлыбаева,  Б.Жаманбаев таныстырылды.  

Сондай-ақ, Қайрат Мұратұлы Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Ү.Дәуітованы зейнетке шығуымен құттықтай отырып, сот жүйесінде сот төрелігін жүзеге асыруда адал әрі әділ қызмет атқарғандығы және өз ісінің кәсіби маманы ретінде жас судьяларға үлгі бола алғандығы жөнінде атап өтті.  

«Қайрат Мұратұлы жаңадан тағайындалған төрағалар мен судьяларға сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бойынша бірнеше міндеттерді айқындады, ең бастысы - азаматтардың сенімін ақтау және - заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылатындығын атап өтті».