04 нау, 2026 сағат 13:28

«Шығындарыңызды оңтайландырыңыз» – бағаның өсуі туралы вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты

Фото: primeminister.kz

Қаржы вице-министрінің айтуынша, икемді нарық жағдайында бизнес жеткізушіні немесе жалға берушіні ауыстыра алады. Ал икемсіз сегменттерде жағдай күрделірек.

«Қазір Үкіметте біз шығындарды оңтайландырып жатырмыз. Бұл бағытта тұрақты жұмыс тобы құрылған, оны мен басқарамын. Сондықтан әркім өз шығындарын да оңтайландыруы қажет», – деп атап өтті Жұманғарин.

Оның айтуынша, электр энергиясы тарифтерінің алғашқы 30 пайыздық өсімін энергияны үнемдеу арқылы өтеуге болады. Мәселен, энергия үнемдейтін шамдарды пайдалану осыған мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Жұманғарин салық реформасы сыртқы нарықтардағы тұрақсыздықпен тұспа-тұс келгенін айтты. Бұл логистика мен бағаға әсер етуде. Соған қарамастан, бизнеске арналған қолайлы режимдердің басым бөлігі сақталған, ал салықтан жалтаруға мүмкіндік беретін олқылықтар жойылған.