© Sputnik / Владислав Воднев
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
"Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Өскемен – Тарғын – Самарское" бағытындағы облыстық маңызы бар автожолда қысқы дөңгелекпен жабдықталмаған көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерден бағытты жоспарлау кезінде сақтық шараларын сақтауды сұрайды.
