01 нау, 2023 сағат 18:57

Шымкент дәрігерлері атақты Кашпировскийді емдеді

Фото: otyrar.kz

Шымкенттегі №1 қалалық клиниканың қызметкерлері танымал психотерапевт Анатолий Кашпировскийдің ауруханаға түскенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Шымкент клиникасына асқазан жарасы диагнозымен қабылданған. Кашпировский тіпті үш литр қан жоғалтыпты.

"Науқас бізге 2022 жылғы қарашада түсті, емделіп шықты және толық жазылды. Ол осы уақыт аралығында Шымкентте болды", - дейді дәрігерлер.

Ақ халаттылардың сөзінше, қазір науқастың жағдайы жақсы. Анатолий Шымкент клиникасының дәрігерлеріне жұмысы үшін алғыс айтқан.

Айта кетейік, белгілі психотерапевт Қазақстанның оңтүстігіне, оның ішінде Төлеби ауданына жиі барады. Онда Кашпировскийдің өз үйі бар.

Еске салайық, ол совет одағы кезінде теледидар арқылы "қашықтан емдейтін" "Сеансы здоровья врача-психотерапевта Анатолия Кашпировского" телебағдарламасын жүргізіп, I шақырылған Мемлекеттік Думаның депутаты болған.