Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы №113 орта мектептің директоры Надырбек Жаматов экскаватор жүргізушінің басына күтпеген жерден тапанша тақап, оны нотариусқа алып барып, қарыз қолхатын жазуға мәжбүрлеген. Бұл туралы Ернат Шерзатұлы есімді экскаватор жүргізушісінің өзі мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Gosrating әлеуметтік желі парақшасындағы бейнежазбада өзін жәбірленуші ретінде таныстырған азаматтың сөзінше мектеп директорының мұндай әрекетіне директорға тиесілі арнайы техниканың қозғалтқышы істен шығуы себеп болған.
Фото: Видеодан скриншот
"Нотариус менен төрт рет "өзің келдің бе?" деп сұрады. Мен "жоқ" деп жылап тұрғанымды көрді. Артыма қарасам нағашым және бухгалтер, Надырбектің баласы, үшеуі видеоға түсіріп отыр екен, сосын бесінші рет сұрағанда "иә" деп айттым. Нотариусқа дейін пистолет тіреп апарды. Егер маған, отбасыма бірдеңе болатын болса, сол Надырбектің жұмысы деп білесіздер", - деді экскаватор жүргізушісі өз мәлімдемесінде.
