20 қаз, 2023 сағат 12:28

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Фото: Мәскеу мэрінің порталы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 қазанға арналға ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжам бойынша, Республиканың синоптикалық жағдайын Солтүстік Атлантикалық циклон мен Скандинавиялық антициклон қалыптастырады, әртүрлі фазаларда жауын-шашын тудырады және күндізгі жылынуды шектейді, тек еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ауысады.

"Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде 0-5 аяз болады, күндіз ауа температурасы 2-12 градусқа дейін жоғарылайды, ал дүйсенбіде 3 аяз - 5 жылы күтіледі. Ал республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.