13 жел, 2023 сағат 19:45

Синоптиктер Қазақстанда аяз қашан басылатынын айтты

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 14-16 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, бірақ аяз біртіндеп төмендей бастайды. Қазақстанның шығысында арктикалық антициклонның орталығы орналасады, сондықтан мұнда төмен, аязды температура сақталады.

"15-16 желтоқсанда еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, таулы аудандарда тұман, республиканың батысында шаңды дауыл күтіледі.

Түнде ауа температурасы батыста 5-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және орталықта 10-25 градус аязға дейін, солтүстікте 17-28 градус аязға дейін, оңтүстікте 5-18 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 градус аязға дейін біртіндеп жоғарылайды. Ал Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады" - делінген хабарламада.