Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде қайғылы жағдай тіркелді. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 19 қарашада Ақжар ауданында 34 жастағы жұмысшы әйел астық қоймасына құлап, оқиға орнында көз жұмған.
Полицияның мәліметінше, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
