24 там, 2025 сағат 11:57

S&P Қазақстанның кредиттік рейтинг болжамын «Позитивті» деңгейге көтерді

Фото: Үкімет

Халықаралық S&P агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде сақтай отырып, болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» жақсартты, деп хабарлайды Ult.kz.

Агенттік шешімін елдегі институционалдық және экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуымен байланыстырды. Сарапшылардың айтуынша, жаңа Бюджет және Салық кодекстері, қатаң фискалдық ережелер мен экономиканы әртараптандыру шаралары бюджет тапшылығын азайтып, мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

S&P Қазақстанның сыртқы борышының төмендігі мен Ұлттық қор резервтерінің молдығы берік қаржылық позиция қалыптастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар, сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, басқарудың ашықтығын арттыру, орталықсыздандыру сияқты реформалар қоғамдағы тұрақтылықты күшейтетінін айтты.