Фото: ашық дереккөз
Министрлік бірқатар еуропалық мемлекеттердің елшілерімен шұғыл кездесу, сондай-ақ америкалық тараппен байланыс жасалғанын алға тартты, деп хабарлайды Ult.kz.
«Соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне төнетін тәуекелдердің артып келе жатқанын айғақтайтынын атап өтеміз және серіктестерімізді алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз», - делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасалған еді. Reuters мәліметінше, Қазақстан мұнайын тасымалдауға тиіс екі мұнай танкері Каспий құбыр консорциумының терминалы маңында ұшқышсыз аппараттармен шабуылға ұшыраған.
Грек компаниялары басқарған танкерлер «Теңізшевройл» және Қарашығанақ кен орындарының мұнайын тиеуі керек болған.
Зардап шеккендер жоқ, кемелер аздап зақым алғанымен, жүзуге жарамды күйде қауіпті аймақтан кеткен.
