30 жел, 2019 сағат 15:10

Таиландта бұршақ араласқан дауыл салдарынан ағаштар құлап, үйлер қирады

Таиландтың Чианграй провинциясында бұршақ араласқан отыз минуттық қатты дауыл тұрып, провинцияның үш ауданындағы электр жарығын үзіп, тұрғын үйлерге үлкен залал келтірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Thai PBS телеарнасына сілтеме жасап.

Жел электр желісі бағаналарын бұзып, бірнеше үлкен ағашты құлатты, олар автожолдарды жауып қалды. Электр жарығын қалпына келтіруге бес сағат кетті.

Бұршақ ондаған жеке үй мен қора-қопсының шатырын тескен. Дауыл кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта залал шығыны есептеліп жатыр, деп хабарлады телеарна.

Таиланд синоптиктері жақын күндері елдің солтүстігінде қысқа мерзімді боран мен бұршақ қайталануы мүмкін дейді