Фото: Sozmedia.kz
Ермек Көшербаев премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда таратқан мәліметте.
Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді. Ал премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарып келген Тамара Дүйсенова президент көмекшісі болып тағайындалды.