12 мам, 2026 сағат 15:42

Өскемендегі қайғылы оқиға: ауруханада тағы бір адам қаза болды

Фото: instagram.com/novosti__uka

Өскемендегі «Қазмырыш» металлургия зауытында болған жарылыстан зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды. Осылайша, өндірістік апат салдарынан қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды Ult.kz.

Компанияның хабарлауынша, 5 мамыр күні Өскемен металлургия кешенінде болған жазатайым оқиға кезінде ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада қайтыс болған.

«Қайғылы жағдайға байланысты марқұмның отбасына және барлық әріптестеріне қажетті қолдау көрсетіліп жатыр», – делінген компания мәлімдемесінде.


Қазіргі уақытта оқиға орнындағы салдарды жою жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.