03 мам, 2021 сағат 03:15

Таспадағы тарих. Есенғали Раушанов

Есенғали Раушанов —​ Абай секілді ұлттық деңгейге көтерілген ақын. Ол өзіне дейінгі барлық ақынның озық тұстарын өзіне толық сіңірген, әлем әдебиетіне де мейлінше бойлаған, өмірінің ақырына дейін ізденуден танбаған шайыр. Бізде әрбір топтамасы бұрынғы топтамасынан бір бас жоғары болып отыратын бір ақын болса, ол — Есенғали. Ол оқырманын соған үйретті. Оның әрбір топтамасы, әрбір сұхбаты ғана емес, аузынан шыққан әрбір сөз жұртшылықты елеңдетті.


Жазушылар одағының жұмысына да құмбыл кірісіп еді. Ұлықбек аға, Мереке аға секілді замандастары, Бауыржан, Ақберен, Бақыт секілді інілерімен бірге біраз шаруаны қолға алған. 


Өлеңдегі аруз өлшемі туралы ғылыми мақала жазып жүр еді. Осыған қатысты маған өзбек, қарақалпақтың​ көп кітабын алдыртқан.


Ол айтып, қағаз бетіне түспеген дүние көп. Ендігі мақсат — соларды жинақтау. Әркімнің өз Есенғалиы бар. Сол «Есенғалилар»​ ақынның тұтас болмысын қалап шығарса керек.


Бауыржан Бабажанұлы