02 нау, 2026 сағат 23:00

Тележурналист өңірдегі геосаяси ахуалға қатысты пікір білдірді


Фото: Қазақстан inform
Тележурналист Азамат Әбілқайыр Иран төңірегіндегі текетірес қауіп-қатердің кейде алыстан емес, ең жақын ортадан туындайтынын көрсететінін айтады, деп хабарлайды Ult.kz Қазақстан inform-ға сілтеме жасап.

Осы орайда журналист Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанымын еске салды. Мемлекет басшысы өңірлік ынтымақтастықтың маңызын үнемі атап өтіп келеді. Президент Орталық Азия мемлекеттері арасындағы тату көршілік қатынастарды дамыту, сенімді диалог орнату және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту қажеттігін жиі айтады. Оның пікірінше, дамушы және орта державалар үшін ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында тығыз өзара іс-қимылды қолдау аса маңызды.

Азамат Әбілқайыр жаһандық турбуленттілік жағдайында көршілес елдер арасындағы өзара түсіністік пен прагматикалық ұстаным қауіпсіздіктің негізгі факторына айналатынын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның сыртқы саясаттағы байыпты бағытына назар аударып, күрделі өңірлік ортада теңгерімді саясат жүргізіп отырған Иордания тәжірибесін мысалға келтірді.