16 қаң, 2022 сағат 16:05

Теннис: Рыбакина әлемдік рейтингіде тағы бір сатыға көтерілді


Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина апта сайын өз көрсеткішін жақсартуда.

Қазіргі таңда ол рейтингте 12-ші орында тұр. Бұл - отандық теннисте бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. 

Сондай-ақ қазақстандық спортшылар арасында Юлия Путинцева бір саты жоғарылап, 42-ші орынға, ал Зарина Дияс 108-ден 104-орынға көтерілді.

Енді олар ертең басталатын Аустралия ашық чемпионатында да сәтті өнер көрсетсе, рейтингте тағы көтеріледі.