16 мам, 2022 сағат 19:23

Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады


Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов Парижде Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Скатов іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингте 145-орында тұрған америкалық Митчелл Крюгермен кездесті. 

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты. 

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта Скатов 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. 

Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін аргентиналық Родригес Таверна немесе словакиялық Филипп Хоранскидің біреуімен таласады. 

Бүгін сондай-ақ тағы бір қазақстандық, рейтингте 338-орындағы Денис Евсеев Шымкент челленджер жарысын сәтті бастады. 

Ол алғашқы айналымда әлемнің 313- ракеткасы, америкалық Улис Бланчты 6:3, 6:2 есебімен жолдан тайдырды.

Евсеев екінші айналымда украиналық Эрик Ваншелбойм немесе жапониялық Каичи Учиданың біреуімен шеберлік байқасады.