Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтары мен Өкімдерімен Ақордада жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол осыған дейінгі қызметінен босатылды.
Қуанышбек Есекеев те Мемлекет басшысының көмекшісі лауазымына тағайындалып, бұрынғы атқарып келген қызметінен босатылды.
Сонымен қатар, Президент Өкімімен Марат Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы болып бекітілді.
