26 қаз, 2025 сағат 11:25

Тоқаев Аустрия президентін құттықтады


Ақорда


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорда.


Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.


Сонымен қатар, екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.