14 нау, 2023 сағат 10:05

Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады

Фото: Massaget.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Президент Twitter-парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!", - деп жазды Президент.